Жайсыз адамның қарамағанда неғұрлым көп істесеңіз, денсаулығыңызға келетін зиян соғұрлым көп дейді ғалымдар

Жайсыз басшының қарамағындағы адамдардың денсаулығына тигізетін зияны қандай? Оны темекі түтінінен келетін зиянмен салыстыруға бола ма? Америкалық Quartz іскерлік сайты LinkedІn әлеуметтік желісінің материалдарын зерттей келе осы тақырыпта мақала жариялады. Оған сәйкес, адам ретінде нашар басшы бағыныштыларын ауруға ұшыратуы әбден мүмкін.

Сіз жайсыз басшының қол астында неғұрлым көп істесеңіз, тәніңіз бен жаныңызға соғұрлым көп зиян келтіресіз.

Көбі жұмыстан шығып қалам ба деп жүріп ауру болады

Америка психологиялық қауымдастығының мәліметтері бойынша, АҚШ-тағы кеңсе қызметкерлерінің 75%-ы жұмыстағы стресстің басты себебі ретінде басшымен нашар қарым-қатынасты атаған. Алайда, олардың басым бөлігі осы үшін жұмыстан шығып кете алмайды. Шамасы, бастықпен қырғи-қабақ болып жүргенімен, олар өздерінің жұмысына көңілдері толады.

Гарвард бизнес мектебі мен Стэнфорд университетінің ғалымдары да осы мәселені зерттеген. Олар жұмыстағы стресстің денсаулыққа зияны темекі шеккен адамдармен ылғи бір бөлмеде отыру арқылы темекі түтінін жұту (пассивті шегу) бірдей екенін анықтады.

Офистегі стресстің негізгі себебі – жұмыстан шығарып жібере ме деген қорқыныш. Бұл ауруларға ұшырау қаупін 50%-ға арттырады. Ал тым жауапты жұмыс 35%-ға.

Көбіне басшы жаман мінезін белгілі бір қызметкерлерге көрсетіп жатады. Оған нақты сол адамдармен арадағы қарым-қатынастың қиындауы себеп болуы мүмкін. Әйтсе де, расында да оңбаған бастықтар бар. Олар ұрысқақ, өзін тым жоғары бағалайтын болып келеді. Ондайлар тіпті қол астындағыларды ұрып та жібереді.

Алайда, дағдарыс кезінде жалақысы жоғары басқа жұмыс табу да қиын. Осыдан барып адамның жұмысқа ниеті құрып, ісінің нәтижесі төмендеуі мүмкін.

Не істеу керек?

Дегенмен, түңілмеңіз. Қиындықтан шығудың да жолдары бар. Жақсы жұмыс табылғанша, мына кеңестерді қолдана тұруға болады.

Мысалы, әр күні жасайтын жұмыстардың тізімін жасап, істелгендерін шетінен белгілеп отырыңыз. Неге? Алға қойған мақсаттың орындалуының өзі кәдімгідей көңілді тоғайтып, ләззат береді. Бұл жұмысқа қабілетті сақтауға көмектеседі.

Сосын «оффлайнға кету» де жақсы көмектеседі, сенбесеңіз сынап көріңіз. Демалыста телефонды өшіріп тастаңыз, әлеуметтік желі, электронды поштаны қарамаңыз. Сонда бастық қашан звандап қалады немесе бірдеңе жазып жіберді ме деп мазаңыз кетпейді. Осылайша алдағы жұмыс аптасына жақсы заряд аласыз.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған