160 жолаушысы бар ұшақ өткен түнде Түркияның Трабзон қаласы әуежайының қону жолағынан шығып кетіп, Қара теңіздің жағасындағы жыраға түсіп кеткен, деп хабарлайды РИА Жаңалықтары Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Әуе айлағы қайта қалпына келтірілді. БАҚ беттерінде жарияланған суреттерде көрініп тұрғандай, ұшақ көлбеуінен келіп,жыраның ортасына тұрып қалған. Оқиға Pegasus әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағы қонып жатқанда орын алған. Ұшақтағы 162 адамның барлығы эвакуацияланды. Жарақаттанғандар жоқ. Құтқару қызметкерлері өрттің алдын-алу шараларын жасады. Төтенше жағдайдың себептері анықталуда. Әуежайдан алғашқы рейс Стамбулға ұшып кетті.
Дереккөз: tengrinews.kz
