Баян Алагөзова ұрлықшылар мен тапсырыс беруші адамды таппай қоймаймын деп уәде берді.
Қазақстанның танымал продюсері Баян Алагөзова түнде өзінің кеңсесіне ұры түсіп, құжаттары тұрған папкіні алып кеткенін хабарлады.
«Түнде кеңсеме түскен ұрылар компьютер, аппаратуралар мен костюмдердің ешқайсысына тиіспестен, тек құжат толы папкіні алып кеткен. Бірақ бұл шығынға «аһ ұрып» өкінер мен жоқ. Себебі ол құжаттарда жақсы дүниелерден басқа, жасыратын жаман ештеңе де жоқ. Тапсырыс берушілер құжаттардың өңін айналдырамын деп, уақыты мен ақшасын зая кетіретініне еш шүбәм болмайды. Себебі мен таза жұмыс істеймін. Ерте ме, кеш пе тапсырыс беруші де табылады. Оны кімнің жасағаны туралы да өз болжамым бар»- деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі өз парақшасына.
Дереккөз: Sputnik.kz
