Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандағы Cтартегиялық Зерттеулер Институты директорының орынбасары Санат Көшкінбаев Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы келіссөздерінде қандай мәселелер көтерілетіні жайлы айтып берді.

Бұған дейін баспасөз беттерінде жариялағанындай 2018 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде  «Жаппай қырып - жою қаруын таратпау» тақырыбында брифинг өткізеді. Сондай ақ Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда Дональд Трамппен кездеседі деп күтілуде.

Санат Көшкінбаевтың айтуынша, кездесудің басты мақсаты  - АҚШ пен арадағы ынтымақтастықты кеңейтілген стратегиялық әріптес деңгейіне дейін көтеру.  

«АҚШ – Қазақстанның бұрыннан келе жатқан стратегиялық әріптесі. Қаңтар айында екі жақтың дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандарына 26 жыл толады.

Қазақстан үшін АҚШ сауда –экономикалық, әрі инвестициялық ірі әріптестерінің бірі. Біз Құрама Штаттармен саяси көзқарас тұрғысынан шешім қабылдауда,  жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін шешуде бірлесіп жұмыс істейміз. Соның ішінде Ауғаныстан жайлы келіссөздер, Сирия мәселесі айтылатын болады.

Ресеймен қарым -қатынас мәселесі АҚШ-тың евразиялық стратегия аясында талқыланады»

Эксперттің айтуынша, Қазақстанның АҚШ пен арадағы қарым - қатынасы сауда экономикалық саласында ғана қалып қоймай, екі жақты қауіпсіздік жағы да қамтылмақшы.

— Әрине, ядролық қаруды таратпау туралы Қазақстанның бастамасы АҚШ тарапынан қызу қолдауға ие, әсіресе Корея түбегіндегі оқиғалар бұл тақырыптың өзектілігін одан ары арттыра түсуде, дейді сарапшы.

Санат Көшкінбаевтың пікірінше, БҰҰ ҚК жиналысына Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуы қаңтар айындағы төрағалықтың шырқау шыңы болмақ.

-Бұл пікірталастардың басым бөлігі ядролық қаруды таратпау туралы маңызды мәселе маңайында өрбитін болады. Сондай ақ, Ауғаныстан мен өңірлік әріптестік құру жайлы, Орталық Азиямен қауіпсіздік және даму қарым- қатынастарын орнату туралы мәселелер қамтылады. Ауғаныстанның өзінің қызығушылығымен экономикалық және сауда- саттық қатынасты қайта қалпына келтіру мәселелері ұсынылады. Бұл Ауғаныстанның барынша прагматикалық, ашық аймаққа айналуына зор септігін тигізеді,- дейді  ҚСЗИ сарапшысы Санат Көшкінбаев.

Дереккөз:inform.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған