9 қаңтар күні кешкі сағат 19:00 де отандық арналарда өзінің мәлімдемесін жасаған елбасы ел алдында тұрған он міндетті атап өтті.
«Құрметті қазақстандықтар! Қазіргі таңда адамзат өндірістік революцияның жаңа дәуіріне кіріп келеді. Жаңа технологиялар әлемді өзгертуде. Жаһандық технологиялық жаңарулар бәсекелестік пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Бұл біз үшін дамыған отыз елдің қатарына кіруге деген зор мүмкіндік. Осыған орай биылғы жолдау Төртінші өндірістік революцияның тетіктерін игеруге арналады», - деді елбасы.
Мемлекет басшысы 2018 жылдың негізгі міндеттерін атап өтті.
Бірінші. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керек. Яғни өндірістік кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.
Екінші. Ресурстық әлеуетті пайдалану тиімділігін барынша арттыру. Әсіресе энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеуге, сондай ақ «Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру керек.
Үшінші. Өнеркәсіптік кешендерді жаңа технологиялық деңгейге шығару керек. Бұд өз кезегінде ауылшаруашылық саласының өндірістік еңбектерін арттырып, өндірілген өнімді экспорттауға тиімді болмақ.
Төртінші. Транспорт және логистикалық инфрақұрылымдарды одан ары жетілдіру. Интеллектуалды транспорт жүйесін құру және цифрлық технологияны енгізу, ауыр жүк тасымалдарын қысқартып транзитті тасымалдардан түсетін пайданы арттыру.
Бесінші. Құрылыс саласында жаңа технологияларды пайдалану. Құрылыстың жаңа әдістерін енгізу, ғимараттардың энергиятиімділігіне деген талабын арттыру сияқты инфрақұрылымдардың интеллектуалдық басқару жүйесі әрбір қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартады.
Алтыншы. Қаржы секторы. Банк жүйелерін қатаң қадағалау, қарапайым халықтың мұқтажын ескеру.
Жетінші. Мемлекетттің капиталы - адам. Барлық білім беру орындары заманауи талапқа сай білікті мамандар шығаруға міндетті. Мұғалім деңгейін көтеру керек.
Денсаулық сақтау саласында сауықтыру және емдеу орталықтарын жаңа технологиямен жабдықтау, меддициналық қызмет көрсету сапасын арттыру.
2016-2017 жылдары әлеуметтік жәрдемақы көлемі үш рет көтерілді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын табады.
Сегізінші. Тиімді мемлекеттік басқару. Цифрлық технологияны енгізу - мемқызмет пен бизнесті реттеуде, азаматтардың қажеттіліктерін өтеуде таптырмас тәсіл.
Аудандар мен ауылдарда жергілікті өзін-өзі экономикалық дербес басқару жүйесі одан әрі кеңейтіледі.
Тоғызыншы. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі мемлекет саясатының басты бағыттары боп қала бермек.
Оныншы. «Ақылды қала» (смарт сити) технологиясын енгіздіру өсіп келе жатқан қалалардың мәселелерін оңтайлы шешуге, инвесторлар тартуға тың мүмкіндік тудырады.
«Жаңа жылдың басында қойылған бұл жаңа міндеттерді біз, тек қазақ дейтін халықтың бірлігімен ғана бағындыра аламыз», - деді мемлекет басшысы мәлімдемесінің соңында.
