Ішкі Істер Бөлімінде 8 жыл жұмыс істеген 34 жастағы полиция қызметкері кіші лейтенант өзін-өзі атып өлтірді.

Кіші лейтенант Байбек Қарымсақов Макаров тапаншасымен өзін атып өлтірді. Қанды оқиға қаңтардың 8-і күні Ақтөбе қаласы әкімшілігіндегі Қадағалау-Рұқсат беру Бөлімшесінде орын алған.

Облыстық Арнайы күзет қызметі басқарма бастығының орынбасары Руслан Махановтың айтуынша, қайтыс болған полиция қызметкері жұмыс орнындағы қызметтік тапаншаны қолданған.

«Байбек Қарымсақов - Ішкі Істер Бөлімінде сегіз жыл жұмыс істеген, үйленген, он және бес жастағы екі ұлдың әкесі. Марқұм қалалық әкімшіліктің Қадағалау- Рұқсат беру бөлімінде қаңтардың 8-і күні, кешкі сағат 17:30-дар шамасында атылып өлді. Байбек Қарымсақов Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тумасы», -деп хабарлады Руслан Маханов.

Дереккөз: Informburo.kz

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған