
АҚШ-та жолаушылар ұшағының бір қозғалтқышы әуеде жарылып кетті, апаттан бір адам қаза тапты және жеті жолаушы зардап шекті, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.
Southwest Airlines компаниясының 1380-рейсі Филадельфияға қонуға мәжбүр болды. Оқиға салдарынан ұшақтың қанатына, фюзеляжы және терезелеріне зақым келген. Оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні таңертең болған. «Боинг» 737-700 ұшағы Нью-Йорктан Далласқа рейс жасаған. Бортта 143 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.


.jpg)