Астана десек, бүгінде ең алдымен сол жағалаудағы "Бәйтерек" монументі, Ақорда, Парламент пен Үкімет үйлері, ЭКСПО аумағындағы сәулеті келіскен жаңа ғимараттар көз алдымызға келетіні рас.

Бәрі жаңа, әсем, әдемі. Құдды бір Астана бұрыннан осылай болған сияқты. Бұл ғимараттардың орнында бұрын картоп алқаптары болған дегенге ешкім сене қоймайды. Ал Астана әу баста оң жағалаудағы бұрынғы Ақмоладан басталғаны белгілі. Енді бірер жылда елорданың бұл бөлігі де адам танымастай өзгеріп кететінін ескеріп, біз оң жағалаудағы ескі мен жаңаның таласын көрсететін фоторепортажды назарларыңызға тартуды жөн көрдік. 

Сонымен, сол жағалаудан оң жағалауға қарай "Марал" көпір арқылы түсіп келе жатқанда алдыңыздан осындай көрініс ашылады. 

Негізі, оң жағалауда жеке сектордағы ескі үйлерді сүріп тастап, орнына жаңа көп қабатты ғимараттар салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бірақ төмендегідей көріністер әлі көптеп кездеседі. Мынау Кенесары мен Абай, Ш.Уәлиханов пен Ә.Сембинов көшелері аралығындағы шаршы аумақтағы тұрғын үйлер. 

Көп қабатты тұрғын үйдің сынын бұзып дәл іргесінде жеке үйлер тұр. 

Мына үйге неше жыл болды екен? Қалай дегенде де, енді бір-екі жылда бұл үй де сүріліп, орнына жаңа ғимарат тұрғызылатыны анық.

Ал енді мына көз тойдырар көрініс Астанаға батыс жақтан қарағанда,  бұрынғы саз-батпағы құрғатылған аумақта салынып жатқан жаңа шағын аудан жақтан түсірілген. 

Фотосуреттерді түсірген Әмина Бақыт. 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған