
Шымкентте балмұздақтан уланып, ауруханаға түскен 97 науқас үйіне шықты
Еске салсақ, осыдан біраз бұрын Шымкентте балмұздақтан уланған 150-ден астам ауруханаға түскен.
«Бүгінгі таңда зардап шеккендер үйлеріне шығарылып жатыр. Десе де, әлі де 88 адам ауруханада, 97-сі шықты. Менің ойымша, алдағы 1-2 күнде зардап шеккендердің бәрі үйіне қайтады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, адамдардың жаппай улануына сальмонеллез және кішкене дәрежеде стафилококк қоздырғыштарын жұқтыруы себеп болған. «Бұл нақты анықталғаны», - деді Бекшин. Комитет басшысы сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстандағы жұмсақ балмұздақ сататын барлық нысандар тексерілетін болады.
«Біріншіден, бұл нүкте жабылды. Екіншіден, материалдар тергеу органдарына тапсырылып, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы тексеріс аяқталғаннан кейін осы орынды ашып, сапасыз өнімді сатқан жеке кәсіпкер Ешмұратовтың кінәсі қаншалықты екенін анықтайтын болады», - деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, бүкіл Қазақстан бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің жергілікті органдары балмұздақ сататын орындарды тексеруді бастап кетпек.
«Жалпы, сүт өнімдері әрқашан эпидемилогиялық маңызға ие. Ең бірінші кезекте, өнеркәсіптік ауқымда өнім шығаратын сүт өңдейтін кәсіпорындардың барлығы тексерілетін болады. Бұл жерде балаларда демалыс болғандықтан, ал сауда нүктесі қалалық саябақтан алыс болмағандықтан, сондағы халықтың көбі осы өнімнен дәм татқан болуы керек», - дейді Жандарбек Бекшин.
Еске сала кетейік, осыдан біраз бұрын Шымкентте тұрғындар балмұздақ сататын «Южное» сауда орыннан тәтті жеп жаппай уланып қалған болатын. Салдарынан 27 наурыздан бері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 150-ден астам адам түсті. Өңірде осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан тексеру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ Облыстық ішкі істер департаменті Қылмыстық кодексінің 304-бабы «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғап, бірнеше сараптамалар тағайындады.


.jpg)