Қытайда жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыптының ұлы 4 жылдан соң дүниеге келген

 

Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған ВВС хабарлауынша, 2013 жылы жасанды ұрықтандыру жолымен бала табуға үміт артқан ерлі-зайыпты бірнеше эмбрионын мұздатып қояды.

 Алайда көп өтпей олар жантүршігерлік жол апатына ұшырап, екеуі де оқиға орнында қаза табады.  Жол апатынан кейін ерлі-зайыптының ата-аналары соттан эмбриондарды пайдалану құқығын алуға көп уақыт жұмсаған екен. Ұзаққа созылған талқылаулардан соң сот эмбриондарды пайдалану құқығын ерлі-зайыптының екеуінің ата-аналарына , яғни құда-құдағиларға - төрт адамға берген екен.

 Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда, бұған дейін ата-аналар өз балаларының эмбриондарын мұра етіп алған жағдай болмаған. Сонымен қатар, Қытайда тыйым салынғандықтан, ата-әжелер суррогат ананы заң рұқсат беретін басқа елден - Лаостан іздеп тапты.

Осылайша, суррогат ана Қытайға саяхаттағанда құрсағындағы бала дүниеге келді. Оған Тяньтянь деген есім қойылды.

 

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту