
«Өткен 25 жылда Қазақстан Үкіметі мен серіктестеріміздің қолдауы, әрі ТШО-ның мыңдаған қызметкерлерінің қажырлы еңбегі арқасында компания өндірісті қауіпсіз әрі сенімді жүргізуде орасан зор жетістіктерге жетті.
Компания Қазақстан экономикасы мен Атырау облысы жұртшылығының әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуда. ТШО келешекке сеніммен қараған Қазақстан Республикасы және халқымен бірге өсіп, дамып келе жатыр деп айта аламыз», - деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тед Этчисон компанияның 25 жылдық мерейтойын атап өту аясында бүгін «Теңізшевройл» (ТШО) ҚР Үкіметі өкілдері, серіктестер, ТШО қызметкерлері мен Атырау облысының жұртшылығы үшін ТШО бас кеңсесінде өткен салтанатты жиналыс пен қабылдау шарасында.
Өзі құрылған уақыттан бастап ТШО бүгін өзі қол жеткізіп отырған халықаралық деңгейдегі кәсіпорын қалыптастыру үшін адам капиталы, қаржы және техникалық ресурстарға инвестиция салуды мақсат етіп қойған. Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев «Теңізшевройл» - еліміздегі өте сәтті әрі ұзақ мерзімді инвестициялық жоба. Осы жобада шоғырланатын шетелдік инвестициялар мультипликативтік әсер беріп, бизнестің дамуына, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсартуға ықпалын тигізуде», - деп атап өтті.
Өзінің ширек ғасырлық қызмет нәтижесінде ТШО өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайта отырып, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін де жақсартуды жалғастыруда. Құрылған уақыттан бері ТШО-ның жалпы мұнай өндірісі 392 млн. тоннаны, ал газ өндірісі 122 млрд. м3 құрады. Мұнай өндірісі 1993 жылғы жылына 1 млн. тоннадан 2017 жылы 28,7 млн. тоннаға жетті, бұл жалпы Қазақстанда өндірілетін мұнайдың үштен бір бөлігі.
Өндірілетін мұнайдың тоннасына шаққандағы жалпы атмосфералық шығарындылардың көлемі 2000 жылдан бері 70 пайызға азайтылды. Өткен 25 жыл ішінде ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржылай төлемдері 125 млрд АҚШ долларынан асты. Іс жүзінде, TШO бүгінгі таңда Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші болып отыр. «1993 жылдан бастап ТШО-ның қазақстандық тауарлар мен қызметтерге 24 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі инвестициялары отандық жабдықтаушылардың тұрақты қорының дамуына айтарлықтай ықпал ете отырып, Атырау облысы мен жалпы Қазақстанның экономикалық ілгерілеуіне үлесін тигізді. Сондай-ақ, ТШО Атырау облысы халқы мен компания қызметкерлерінің игілігі үшін әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруға 1,4 млрд. АҚШ долларын жұмсады», - деді өз сөзінде ТШО бас директорының орынбасары Мұрат Мұқашев.
«Кәсіпорнымыздың 25 жылдығын атап өте отырып, біз Қазақстан жұртшылығының жарқын болашағына да үміт артамыз. Себебі ТШО ауқымды Келешек кеңею жобасын жүзеге асыру арқылы алдағы ондаған жылдарға айтарлықтай мұра қалдыратын болады», - деп түйіндеді өз сөзін Тед Этчисон. ТШО Астана Атырау, Құлсары қалалары мен Теңіз кен орнында мерекелік шаралар өткізуде. «Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнайды, сұйық және құрғақ газды, сонымен бірге күкіртті өндіру және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық жұмыстар халықаралық талаптарға сай жүргізілуде.
Анықтама үшін:
«Теңізшевройл» ЖШС-ы 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%. Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын екі кіріктірілген жоба. ККЖ- ҰЕҚБЖ-ны жүзеге асыру Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тонна немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ-ны жүзеге асыру өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталған, ал ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды жоғарылату арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың өңдеу қуаттылығын толық жүктеуді қамтамасыз етеді.


.jpg)