Әлеуметтік желілерде «Мен Қазақпын» әнін шырқаған қазақ жауынгерлерінің айбынды видеосы тарады. 

Видео Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында жауынгерлік парадқа дайындық кезінде түсірілген

Видеода Қазақстанның көк Туын желбіреткен жүздеген сарбаздың бір кісідей «Мен Қазақпын» әнін шырқап тұрғанын көруге болады. Жауынгерлер рухты әнді әскери оркестрдің сүйемелдеуімен орындаған. Жазба барысында ұйымдастырушылардың дауыстап белгі берген пәрмені естіледі. Шағын видеожазбадан әскери парадқа қызу дайындық жүргізіліп жатқанын аңғаруға болады.
Еске сала кетсек, Қазақстанның Қарулы Күштерінің Әскери парады 7-мамырда Отан қорғаушы күніне орай ұйымдастырылады. Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонында ҚР Қарулы күштерінің жабдықталған қазіргі заманғы қару-жарақтары мен әскери техникасын тактикалық және практикалық қолданылуы барысында өз шеберліктерін көрсетпек. Белгілі болып отырғандай, «Отардағы» жауынгерлік парадқа 3 мыңнан астам сарбаз қатысады. Әскери парадқа қатысушылардың басым бөлігін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының  әскери қызметшілері қамтып отыр. Жалпы бұл атаулы шараға үш мыңнан астам сарбаз, 300-ден астам қарулану әрі әскери техникасы, 30-ға жуық авиация техникасы қатысады.
Қазақстан тарихында алғашқы жауынгерлік парад 5 жыл бұрын, яғни 2013 жылы Отан қорғаушылар  күнінде ұйымдастырылды. Жауынгерлік парад Қарулы Күштердің негізгі қарулануының мүмкіндіктерін көрсетуге арналған.
https://www.facebook.com/100004385740188/videos/982898658532983/UzpfSTEwMDAwMTA0NTYwNzU2NjoxOTk1MjU4OTI3MTg1NjA4/?q=Bayandy%20Sakhariyauly

 

 

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту