
Елбасы жарлығына сәйкес, қазіргі Райымбек ауданы Райымбек және Кеген аудандары болып екіге бөлінеді.
Кеген ауданының орталығы Кеген ауылы, Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы болады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 31 наурыз
№ 653
Тиісті Жарлық ертең республикалық газеттерде жариялануы тиіс.


.jpg)