Егер мереке күндері телефоныңызға түрлі төлемдер мен ақша аударымдарын оңтайлы ету үшін Homebank-тің жаңа порталында тіркелуді ұсынған осындай сілтемесі бар хат келсе, абай болыңыз.

Бұл алаяқтардың жіберген вирусты бағдарламасы болуы мүмкін деп ескертеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызметі» РМК сайты.

 

Жоғарыдағыдай смс-пен келген сілтемеге өткен жағдайда, Homebank порталына ұқсас ресурс ашылып, оған қажетті мәліметтерді енгізсеңіз, алаяқтар төлем карточкаңыздың мәліметтеріне қол жеткізіп, ақша ұрлауы мүмкін. Сондықтан мұндай смс-тер арқылы ашылған ресурстарға аса сақтықпен, бұрын қойылмаған кез келген артық сұрауға күмәнмен қарап, бірден банктің call-орталығына хабарласу қажет. Тіпті сізге «банктен хабарласып тұрмыз» деп, жеке мәліметтерді сұраушылар да болуы мүмкін. Мұндайларға да жауап бермей, банктің call-орталығынан мән-жайды білген жөн.

ҰҚК хабарлауынша, алаяқтар осындай мереке күндері белсенділігін арттырады.  

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған