
Қазақстанның 9 облысында кей өзендердің арналарынан тасу қаупіне байланысты ескерту жарияланды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитеті хабарлады.
26-30 Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында жоғары ауа температурасы сақталады және еріген қар суынан кей өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. 26-27 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жылы ауа райы сақталып, қар еріп, ағын сулар пайда болуы мүмкін. 25-30 наурыз күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын жауады. 25 наурыз күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде еріген қар суы жиналуы мүмкін. 26 наурыз күні Сырдария (Қызылорда облысы аумағында) өзені ауа райының жылынуынан арнасынан тасуы мүмкін.


.jpg)