Ресейдің Кемерово қаласындағы  «Зимняя вишня» сауда үйінен шыққан өрттен 37 адам ажал құшты. Уотсап арқылы таралған видеоларға қарағанда, кейбір адамдар өрттен жансақтау үшін терезеден секірген.

ТАСС-тың хабарына қарағанда, қаза болғандардан бөлек, тағы 43 адам жапа шеккен. Дегенмен, үйіндіні аршу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан. Ғимараттан 20 адам құтқарылды, тағы 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту

Ең көп оқылған