
Оңтүстік Қазақстан облысында екі жасөспірімге пышақ жарақатын салған 15 жасар балаға қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Полицейлер жасөспірімге қатысты адам өлтіруге оқталу жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Тергеу барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында төбелес болғаны анықталды. Жанжал нәтижесінде 15 жастағы жасөспірім екі 16 жастағы жәбірленушіге пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сол күні тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көрші ауылда тұратын күдікті ұсталды. Бірнеше сараптамалар тағайындалып, сезікті жасөспірім қамауға алынды»,- делінген хабарламада.
Бұл оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бірлік ауылында «Наурыз» мерекесі тойланып жатқанда болған.


.jpg)