
Семей қаласының әкімі кеше түнде қала аумағында төтенше жағдай режімін жариялады.
Бұған Ертіс өзеніндегі судың 2-3 күннен бері арнасынан шығып, жағалауындағы елді мекендерге жайыла бастауы себеп болып отыр. Қала аумағын тікұшақпен жоғарыдан қарап шыққаннан кейін осындай шешім қабылданған.
Еске сала кетейік, Ертісте мұз кептелісітері пайда болып, су көтеріле бастағандықтан, өзенде мұзды жару жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, жарылыстың күшті болуы салдарынан жақын маңдағы көп қабатты тұрғын үйдің терезе әйнектері сынғаны туралы видео әлеуметтік желіде таралғаны мәлім.
Қала әкімі Ермак Сәлімовтің айтуынша, мұзды жару жұмыстары әлі де жалғасатын болады. Өйткені, жағдай осыған мәжбүрлеп отырған көрінеді.



.jpg)