Бүгін, яғни 28 наурыздан бастап Астанадағы ақылы тұраққа көлігін қойып, ақшасын төлемей кеткен жүргізушілердің тізімі жасала бастайды

 

«Тұрақ ақысын төлемегендердің тізімі 2888.kz сайтында жарияланады. Онда ақылы тұраққа көліктерін қойып, тұрақ ақысын төлемей кеткен жүргізушілерге тиесілі көліктердің нөмірлері күн сайын жаңартылып тұрады», - делінген «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС таратқан хабарламада.

Айта кетерлігі, Астананың тұрақ кеңістігін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру аясында 15 қаңтардан бастап «Нұржол» желекжолында  ақылы тұрақтар жұмыс істей бастаған. Аталған орындарда 487 тұрақ орыны белгіленіп,  12 паркомат  орнатылған. Арнайы жасалған талдау көрсеткендей, клиенттер, тұрақ ақысын мобилдік қосымша жүктеу және  2888.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы төлегенді қолайлы санайды.

 Компания өкілдері қалалық Ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясымен бірлесе отырып, Нұржол желекжолы бойында орналасқан ақылы көлік тұрағы аймақтарында ереже бұзушыларды анықтау үшін рейд өткізген.  Екі жарым ай ішінде ақылы тұрақтар қызметін 3 мыңнан астам көлік иелері пайдаланған. Алайда жүргізушілердің көпшілігі,  көліктерін коммуналдық тұраққа қойғандары үшін ақы төлемей  немесе басқа, тыйым салынған  жерлерге қалдырып кету арқылы бұл аймаққа көлік қою ережесін әлі күнге дейін бұзып келеді.

 

Еске сала кетсек, ҚР «Көлік құралдарының аялдамасын  немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» ӘҚтК 597-бабына сәйкес,  тұрақ ақысын төлеуден жалтарғандарға  үш айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.  Бір жыл ішінде осы ереже қайта бұзылсаа, айыппұл мөлшері 5 АЕК болады.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту