
Американың Джон Хопкинс емханасында дәрігерлер тарихта тұңғыш рет ер адамның жыныс мүшесін толығымен трансплантациялау операциясын сәтті жүзеге асырды
«Ерекше операцияның пациенті Ауғанстанда қызмет еткен бұрынғы әскери адам, ол сол елде жүргенде бомба жарылысынан жарақат алған болатын» деп жазады euronews.
Операция 14 сағатқа созылған. Оған екі хирург-уролог пен 9 пластикалық хирург қатысқан. Пациентке қайтыс болған донордың жыныс мүшесі, жыныстық жұмыртқасынан бөлек ұмасы, құрсақ қабырғасының бір бөлігі, сонымен қатар бұлшықеттері, сіңірлері мен нерв және қан тамырлары жалғанып салынған. Аты-жөні аталмаған пациент қазір өзін жақсы сезінеді екен, денсаулығы да оңала бастаған тәрізді. Дәрігерлер оның жаңа ағзасының барлық функциялары қалыпқа келеді деген сенімде.
«Біз операция аса сәтті өтті деп санаймыз. Әрине, наурыз айының соңында ғана жасалғандықтан, әзірше қандай да бір нақты қорытындылар шығаруға ертерек. Десе де, бұған дейін мәлімдегеніміздей, біз осы аптада науқас емханадан шығады деп отырмыз. Трансплантация жасалған органдарының қалыпқа келуіне біраз уақыт керек, соның ішінде несеп шығару мен сексуалдық функциялары да қалыпқа келетінін күтеміз. Нервтердің өсуі тым баяу, сондықтан осы функциялардың қалпына келуі үшін көптеген айлар күтуге тура келеді» - дейді доктор Эндрю Ли.
Айтпақшы, пациенттің өзі бұған дейін «еркектік қабылетінін» айырылған екен. Ал бұл операция оның психологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, өзіне деген сенімділікті де арттырған. Дәрігерлер сыртқы жыныс ағзасына көңілі толмайтындықтан психологиялық күйзеліске ұшыраған пациенттер үшін осындай процедуралар ерекше маңызды дегенді де қоса айтады.
фото: спутник


.jpg)