Американың Калифорния штатында құлтемір жасаумен айналысатын FoldiMate компаниясы киімдерді реттеп салатын құлтемірдің қызметін көрсетті, деп хабарлайды Mashable.
Жобаның тұсаукесер видеосы баспаның Mashbala.com сайтында жарияланды.
Мұндай қызмет түрін көрсете алатын алғашқы құлтемір құрылғылар 2019 жылдың соңына қарай сатылымға шығады деп күтілуде. Дәл қазіргі таңда құрылғының жалпы жобасы толықтай дайын. Бір ғана құлтемірдің құны 980 долларды құрайды. Бейне роликте көрсетілгендей, киімдерді құрылғыға салсаңыз, санаулы сәттен соң, ол оны реттеп, қаттап қайта шығарады. Шығарушылардың айтуынша мұндай құрылғы жалқауларға жақсы жаңалық болмақ.
Дереккөз: Lenta.ru
