Бұл оқиға биыл 13 қарашада болған.
"Шамамен сағат 12.00-де Жамбыл көшесінде болған жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Астана полициясы осы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Өзін-өзі өртеп жіберген әйел дереу №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Бірақ, өкінішке орай, аса ауыр жағдайда түскен әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Ол 14 қарашада ауруханада қайтыс болған.
Дереккөзі: Tengrinews.kz


.jpg)