
Бахрейнде өтіп жатқан аралас жекпе-жектен әлем чемпионатында 23 жасар талдықорғандық Гүлмира Нұғманова алғашқы қарсыласын буындыру тәсілімен жеңді.
Бұл туралы қазақстандық ММА федерациясы хабарлады. Әйелдер арасында 56,7 келі салмақта жекпе-жекке шыққан Гүлмира үнділік Салони Авхадты екінші раундта тізе бүктірген. Оның алда әлі 3 кездесуі бар.
Г.Нұғманова спортпен, соның ішінде жекпе-жек түрлерімен бала кезден айналысып келеді екен. Теңгриньюс сайтының хабарлауынша, Гүлмира былайғы өмірде қарапайым ғана бастауыш сынып мұғалімі.
