Президент отставкасы: 19.19.19 – бұл сандар нені білдіреді?

Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген жерден арнайы мәлімдеме жасап, өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл күн не үшін таңдалды? 19.19.19 санының құпиясы неде? Бұл көптен дайындалған шешім бе?

2019 жылдың 19 наурызында сағат кешкі 19.00-де Қазақстан халқына арнайы мәлімдеме жасаған ҚР Президенті өзінің өкілеттігін тоқтататынын жариялады. Осылайша Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтатып,Конституцияға сәйкес аса жоғары лауазымды атқару ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді.

Президент мәлімдемесін әркім әр саққа жүгіртеді. Әйтсе де тарихи шешімнің маңыздылығын, күтілген дүние болғанымен күтпеген қадам екенін барлық сарапшылар да, саясаткерлер де қарапайым жұрт та айтып жатыр. Ал нумерологтар бұл күн туралы не дейді? Біреулер Құранда бұл киелі сан депті. Есепшілер ше?

«19» деген сан – билік, мәртебе мен күштің белгісі. Ал 1 мен 9-ты қосатын болсақ, 10 шығады. Тағы «1» деген сан. Ол дегеніміз, көшбасышылық. Сосын Күнді білдіреді. Былай қарасаң, біздің Президентіміз билік пен мәртебенің шыңына шығып тұрған кезде өз өкілеттілігін тапсырып отыр. Өзінен кейін Күнді қалдырды. Ал күннің сәулелері ары қарай өз шуағын шаша береді. Бұдан бөлек, Күн мен Түннің теңесу уақыты да келді. Көктемнің шығуымен Нұрсұлтан Назарбаев өте сәтті кезеңді таңдап отыр. Демек, бұл – үлкен дайыдықпен жасалған шешім», – дейді нумеролог Диана Камилова.

 

Авторы: Айдар Оспанбатыр

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған