Жап-жаңа ұшақтар неге құлап жатыр?

      Пікір жоқ on Жап-жаңа ұшақтар неге құлап жатыр?
Boeing-737 Max атты замануи жаңа ұшақты Боинг алдыңғы жылы сатуға шығарған болатын. Содан бері ондай самолеттің екеуі құлап, 350 шамалы адамды өлтірді.
Жаңа ұшақты алғаш алғандардың бірі Индонезияның Lion Air компаниясы еді. Үш ай болмай жатып, сол жаңа самолеттің біреуі құлап, 189 адам қаза болды. Тексерулерден кейін Боинг апатқа себепші ұшақты жасау кезінде кеткен қателіктер екенін мойындап, оны пайдаланушыларға тиісті ескертулер жіберетінін айтты.
Кеше Эфиопияда дәл сондай Boeing-737 Max құлап, 150-дей адам қаза болды. Ол ұшаққа бес-ақ ай болған. Екі апат бір-біріне ұқсас. Екеуі де көтеріле салып бірнеше минуттан соң құлады. Екеуінде де самолет құлар алдында күрт төмен құлдилап, күрт жоғары көтеріліп ұшқан.
Боинг бірнеше жыл бұрын ұшақтың тұмсығы көтерілуден сақтайтын автоматты системаны ойлап тауып, алғаш рет оны осы Boeing-737 Max-қа орнатқан. Екі апатта да Боинг тұмсығын қайта-қайта төмендете берген. Екі ретте де пилоттар оны түзей алмай жанталасқан. Ұшақты түзеуге жаңағы автоматика мүмкіндік бермеген.
Қытай бүгін өзіндегі Boeing-737 Max ұшақтардың ұшуын тоқтатты. «Эйр Астанада» мұндай ұшақ жоқ. «Скатта» біреуі бар, тағы бірнешеуін биыл алғалы отыр.
Ulus-aqparat

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған