Бірінші республикалық инклюзивті IT- лагерь ашылды

2 сәуірде Алматы қаласындағы «Тау Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде ерекше қажеттілігі бар  жастарға арналған ITeachMe Бірінші Республикалық инклюзивті IT- лагерь жұмысын бастады.  Жастар жылының аясында ашылған лагерь 6 сәуірге дейін жұмыс істейді.  Лагерьде Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент қалаларында инклюзивті хакатондардың нәтижесінде, сонымен қатар конкурстық өтініштерді сарапшылардың бағалауымен Қазақстанның аймақтарынан 24 қатысушы, оның ішінде  мүмкіндіктері шектеулі 16 қатысушы іріктеуден өтті.

Лагерь шеңберінде заманауи технологиялардың аралас білім беру түрі қолданылады. Қатысушылар Ақпараттық технологиялар Халықаралық университеті (ХАТУ), 1С Қазақстан компаниясы, CISCO, Орталық Азия Еуразия Қоры (ОАЕҚ) сияқты жоба серіктестері және жетекші мамандардан онлайн-құралдардар, инклюзивті тәжірибелер мен әдістер туралы ақпарат ала алады. Бұл компаниялар алдағы уақытта лагерь қатысушыларын IT жобаларға тәжірибелік білім беруге ментор ретінде қатысады.

Жастар ITeachMe лагері – «Тең IT мүмкіндіктер әлемі» көп деңгейлі  жобаның екінші кезеңі. Жоба IT саласына тарту арқылы мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Нәтижесінде жобаға қатысушылар бәсеке лайықты және өзіндік білім алу дағдысына ие болады.

Жобаның келесі кезеңінде ең үздік топтарға әлеуметтік мәселе шешуге бағытталған IT ұсыныстарын жүзеге асыруға (жалпы соммасы 2 000 000 теңге) гранттар беріледі. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жұмысқа орналасуға бәсекелестігін жоғарылататын жобаларға ерекше назар аударылады.

Жоба «Ерекше Таңдау-Шелек» Корпоративтік қоры, «Мойымайтын Мүгедектер Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бірлестігі мен «Шеврон» компаниясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Орталық Азияның Евразия Қоры» Корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Aqbakj Torezhan, Ulus-aqparat

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған