Соқыр ішектің паркинсон дертіне қатысы бар ма?

Соқыр ішегін, яғни аппендиксін алып тастаған адамдарда Паркинсон ауруына шалдығу қаупі 3 есе жоғары болады. Миллиондаған науқастың ауру тарихын зерттеген американ ғалымдары осындай қорытындыға келді.

Паркинсон — әзірге емі жоқ неврологиялық ауру, оны “дірілдек паралич” деп те атайды. Онымен атақты адамдардан боксшы Мұхаммед Әли, Рим папасы Иоанн Павел ІІ, Ясир Арафат, Мао Цзедун, Адольф Гитлер, Сальвадор Дали сияқтылар ауырған.

Бір қызығы, темекі тарту Паркинсонмен ауру қаупін 40%- ға төмендетеді. Бұл – ғылымға бұрыннан белгілі жайт, деп жазады telegram арнасында Анау-мынау деген атпен мәлім аккаунт. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған