Жапонияда «Рэйва» дәуірі басталады

Императордың өз тағынан түсіп, орнына мұрагерінің келетіндігіне байланысты алдағы 1 мамырда Жапония тарихында «Рейва» деп аталатын жаңа дәуір басталады. Дәл осы күні  мұрагер ханзада Нарухитоның таққа отыру салтанаты өтеді. Жапония үкіметі жаңа император билік құратын кезеңді осылай атау туралы шешім қабылданғанын жариялады. Осылайша, Жапонияның 1989 жылы таққа отырған 125-ші, яғни қазіргі императоры Акихитомен байланысты «Хэйсэй» дәуірі аяқталып, Нарухитоның «Рэйва» дәуірі басталмақ.

Жапонияның Қазақстандағы елшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Рэйва» сөзі екі иероглифтен тұрады.  Оның алғашқы «Рэй деген бөлігі  «әдемі», ал екінші «ва»  деген бөлігі «үйлесім» деген мағына береді. Ал «Рэйва» комбинациясында «Адамдар тамаша көңіл-күймен рухани жақындасқанда мәдениет туады және өркендейді» деген де мағына береді.

Тағы бір айта кететіні, Жапония тарихында бірінші рет осы жаңа дәуірдің атауына жапон мәдениеті туралы көне кітап – 1200 жыл бұрын құрастырылған Манъёсю поэтикалық антологиясында жазылған цитата негіз етіп алынған.

Aqbakj Torezhan, Ulus-aqparat

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған