Жас тілшілерге арналған конкурс!!!

      2 Comments on Жас тілшілерге арналған конкурс!!!

Құрметті оқушылар!

Болашақ мамандыққа бейімделу мектеп қабырғасынан басталады. Егер сен келешекте туған еліңнің дамуына өз үлесіңді қаламы қарымды журналист ретінде қосамын десең, онда жазу өнеріне осы бастан дағдыланып, өз стиліңді қалыптастыруың керек. “Жас журналист” конкурсы сендер үшін осындай мүмкіндік. Конкурста жеңімпаз ретінде танылған, жазуға бейімі бар оқушыларға ulus.kz сайты келешекте жас тілші ретінде мақалаларын жариялап тұру мүмкіндігін ұсынады.

Олай болса, іске сәт! Ойың ұшқыр, қиялың жүйрік болсын, жас тілші!

Конкурсқа ЖУРНАЛИСТ мамандығына бейімі, өзіндік салмақты ойы мен пікірі бар, болашақта халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын тілші болғысы келетін әрбір оқушы қатыса алады.

Кокурс 9-11 сынып оқушыларын қамтиды.

Конкурсқа қатысушы төменде берілген үш тақырыптың бірін таңдап, сол тақырыпта мақала әзірлеп 324750@mail.ru электрондық поштасына жолдайды. Конкурс нәтижесі ulus.kz сайтs арқылы бақыланады, жеңімпаздар мен олардың материалдары осы сайтта жарияланады).

Кокурс талаптары: мақала көлемі екі беттен аспауы тиіс (А4 форматында 14 шрифт Times New Roman). Сонымен қатар, екі мың теңге сомасында конкурсқа қатысу жарнасын төлейді (Халық Банк: 6233 5710 4843 6378; ЖСН/ИИН: 740109350230), жарна төленген түбіртектің көшірмесін 8-707-458-52-09 вацап нөміріне жолдап, конкурсты ұйымдастырушыларға осы байланыс түрі арқылы қатысушының аты-жөнін ескертуі қажет.

Конкурсқа арналған тақырыптар:

  1. Ұлтын сүйген ұтылмас;
  2. Менің қиялымдағы Қазақстан;
  3. Желтоқсандағы (1986) жалынды қазақ жастары.

Конкурстың өткізілетін мерзімі: 2018 жылдың 26 қарашасы мен 2019 жылдың 07 қаңтар аралығы.

Жеңімпаздарды анықтау қоғам қайраткерін, журналистер мен тәуелсіз тілшілерді қатыстыра отырып жүзеге асырылады. 1, 2, 3 орын жеңімпаздарына бағалы (сандық техника) сыйлықтар беріледі. Бас жүлде: Астана қаласында кәсіби журналист тарапынан өткізілетін 5 (бес) күндік сертификатталған дәріс. Марапаттау Астана қаласында өткізіледі. Марапаттау күні мен уақыты конкурстың қорытындысы бойынша қосымша жарияланатын болады.

Ескерту: бір оқушы бір төлеммен бір тақырыпқа ғана мақала жібере алады. Үш тақырып бойынша да бағын сынағысы келетін үміткер әр тақырыпқа бөлек-бөлек жарна төлеуі тиіс. Марапаттау рәсіміне келген жеңімпаздар, сондай-ақ бас жүлдені ұтып алған жеңімпаз жол шығыны, қалада тұру және тамақтану мәселесін өздері шешеді.

 

2 комментариев для “Жас тілшілерге арналған конкурс!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған