Нuawei – әрі планшет, әрі смартфон

      Пікір жоқ on Нuawei – әрі планшет, әрі смартфон
Әрі планшет, әрі смартфон. Нuawei-дің жаңа смартфонын керемет деп жатыр
Қытайлық Huawei бүктелетін смартфонын таныстырды. Mate X деп аталады. Екі апта бұрын Samsung өзінің бүктелетін смартфоны Galaxy Fold-ты жариялаған. Бірақ Huawei-дікін мамандар «шедевр» деп жатыр.
Galaxy Fold-тың экраны ішке қарап бүктелсе, Mate X сыртқа қарай.
Galaxy Fold-тың екі жағында да экран бар, Mate X-тің арт жағында жоқ.
Mate X-ті жасауға Huawei үш жыл жұмсапты.
Ол ашық тұрғанда экранының диагоналы — 20,3 см
Бүктелген кезде алдыңғы экран — 17,3 см;
артқы диагонал — 16,7 см
Бүктелгенде қалыңдығы — 11 мм.
 
5G қолдану арқасында бұл смартфон 1 гигабайт видеоны үш секундта жүктей алады екен.
Mate X сатуға биыл жазда шығады, Еуропадағы бағасы 2300 евро (1 миллион теңгеге жуық) болмақ.
ULUS-aqparat

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған