Қиялыңдағы көлік суретін сал да, караоке-микрофон ұтып ал!

Құрметті біздің кішкентай балақайлар мен оқушылар!

Сендер байтақ Қазақстанды биік белестерге жеткізетін еліміздің үкілі үмітісіңдер. Келешектің тізгіні сендердің қолдарыңда. Олай болса, ертең өскенде қандай автокөлік мінгілерің келеді? Болашақта елімізде қандай машина, автомобиль шығарғанын қалайсың? Жылдан жылға заман өзгеріп, техника қарқынды дамуда. Осыған орай әр жас балғын өзінің жеке идеясын ұсына алады. Арманыңдағы көлігің қазіргі көліктерден мүлде өзгеше болар? Қиялыңа қанат бітір де армандаған автокөлігіңнің  суретін майлы бояумен салып, бізге жолда. Конкурсқа келіп түскен ең әдемі салынған айрықша «автокөлік иесіне» арналған сыйлығымызды ұтып ал!

 Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары келесі сыныптар  бойынша: 6 жасқа дейінгі мектепалды даярлық тобы; 1-4 сынып оқушылары; 5-6 сынып оқушылары қатысады. Әр қатысушыдан бір байқауға тек бір жұмыс қабылданады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

Оқушыларды өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндап жеткізе білулеріне көмектесу, сыныпты ортақ іске жұмылдыра отырып ұйымшылдығын арттыру.

Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі:

Байқау жұмыстары 2018 жылғы 26 қараша – 26 желтоқсан аралығында  87051506219 нөміріндегі whatsapp-қа және elerki@mail.ru  электронды поштасына қабылданады.
Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқауға қатысу үшін оқушыларға 700 (жеті жүз) теңге төлемақы төленеді. Жұмысыңызды ұсынғанда төменде ұсынылған таблицаны толтыруыңыз қажет. Сурет пен таблицаны электрондық поштаға немесе whatsapp нөміріне жіберу керек.

Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарын марапаттау

Байқаудың жеңімпаздарын анықтау, таңдау дауыс беру арқылы жүзеге асады. Жүзден жүйрікмыңнан тұлпарлар анықталып, Байқау жеңімпаздары Балалардың көпфункционалды микрофонымен және алғыс хатпен марапатталады.

Сертификаттар мен Дипломдардың электронды нұсқалары қатысушылардың жұмыстары қабылданған почталарына жіберіледі. Қағаз нұсқалары берілмейді. Тек электронды нұсқада. Сертификаттар қорытынды шыққан соң 3-7 күн ішінде жіберіледі.

Анықтама телефондары: 8 (705) 1506219

Марапат материалдарында қатысушының аты-жөнімен қатар мектебі, сыныбы мен жетекшісі көрсетілгенін қаласаңыз төмендегі кестені дұрыс толтырып жіберуіңіз қажет. Кесте WORD түрінде қабылданады.

Оқушының аты-жөні Байқау аты Мектебі Сыныбы Облыс/қала/аудан Жетекші мұғалімі Жетекші (арнайы ұйымдастырушының) мұғалімнің тел нөмірі Арнайы ұйымдастырушының аты-жөні
1. Азамат Азаматов Ана өмірдің шуағы №66 орта мектебі 6 «а» ОҚО, Шымкент қаласы толтырыңыз 877777777 Бар болса толтырыңыз
2. Азамат Азаматов Көркем жазу өнері №66 орта мектебі 6 «а» ОҚО, Шымкент қаласы толтырыңыз 877777777 Бар болса толтырыңыз

 Ескерту! Директордың оқу ісі, инновациялық жұмыстар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бірлестік жетекшілері немесе ұйымдастырушылық қабілеті бар кез келген пән мұғалімі және ата-ана  арнайы ұйымдастырушы бола алады. 50-ден аса оқушы қатыстырған ұйымдастырушыға арнайы сыйлық беріледі.

конкурсқа келіп түскен балақалайлардың суреттеріне мына сілтеме бойынша дауыс бере аласыз: https://ulus.kz/bala-kiyalyndagy-avtokolikterge-dauy/

                       

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған