Астанада әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Астанада әкімдіктің қолдауымен желтоқсанның 8-і мен 31-і аралығында “Биг шанхай” базарында әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.


Онда қала тұрғындары жаңа жыл қарсаңында ет-сүт өнімдерін, жеміс-жидек, көкөніс, макарон мен кондитерлік және өзге де азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен, тікелей өндірушілерден ала алады.

Шараға шамамен 200-ге жуық отандық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар қатысады деп жоспарланып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған