Қазақстандықтар еуропалық алаяқтарға ақша аударып алданған

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінен Еуропадағы алаяқтық тәсілдер туралы ақпарат келіп түскенін мәлім етті.

Ақпаратқа сәйкес алаяқтар «Linkedln» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға жоғары жалақы, тұрғын үй және көлікпен қамтамасыз ететін Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді. Аталып өткен құжаттарды рәсімдеп, дайындау үшін алаяқтар алдын-ала ақшалай қаражат аударуды талап етеді. Ақшалай соманы алған алаяқтар байланысқа шықпай із-түссіз жоғалады.

Осыған орай Жамбыл облысы ІІД аталған деректердің алдын алу мақсатында жергілікті халықты күдік тудыратын веб-сайттар мен әлеуметтік желілерден сақ болуға шақырады.

сайт такси работа: https://taxikieva.com.ua/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған