Енді туу туралы куәлікті үйден шықпай алуға болады

eGov.kz порталының 2018 жылғы мамырда іске қосылған телеграм-боты қазіргі уақытта көптеген қазақстандықтар үшін өте пайдалы қосымша болып табылады.  EgovKzBot телеграм-боты ұсынатын қызметтер түрі бүгінгі күнде кең қолданысқа ие. Айта кетерлігі, қосымша ұсынатын мемлекеттік қызметтердің тізімі тағы да қажетті қызметтермен толықты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан телеграм-боты осы уақытқа дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервисті қамтыған. Оның ішінде, тұрғындар арасында кең таралған 7 түрлі анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы мағлұмат алу, емханаға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу және оны үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында кезекті брондау қызметтері қолжетімді болған.

Қазіргі уақытта бұл қосымша функциясы пайдалы екі қызметпен толықты. Енді бот арқылы өзіңізге жақын орналасқан ХҚО туралы толық ақпаратпен танысып, бала тууға қатысты проактивті қызметтерді де алуға болады. Яғни, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, қажетті жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақша кезігіне қою шаралары қазір тіпті жеңілдетілген.   

Мемлекеттік қызметтерді телеграм-боты арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу керек. Ол үшін eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек.

Іске қосылған EgovKzBot телеграм-ботында белгіленген нұсқаулықтарды орындау арқылы қажетті анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұратуға болады. Сонымен қатар барлық сұратылған ақпаратты қолданушы өзінің жеке электрондық поштасына жолдай алады.

Бүгінде аталған телеграм-боты арқылы қазақстандықтар шамамен 14 мыңдай мемлекеттік қызметті алған.

Авторы: Інжу Балтабекқызы

адрес сайта перевозка животных: https://linkor.in.ua/pets-transportation/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған