Ибрагим Ескендір бокстан ТМД чемпионы атанды

Мәскеу қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде әнші Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленді.

Ибрагим Ескендір әзірбайжандық Анар Абдуллаевпен шаршы алаңға шығып, 90,7 кг ауыр салмақта Pro Box нұсқасы бойынша ТМД чемпионы титулын иелену үшін таласқа түскен болатын. Жекпе-жекте 10 раунд болады деп есептелді. Десе де, қазақстандық кәсіпқой боксшы алғашқы үш минутта қарсыласын нокаутпен жеңді.

Елге жеңіспен оралған Ибрагим Ескендер бұл жеңісін Тәуелсіздік мерекесіне арнағанын атап өтті.

«Тәуелсіздік қарсаңында рингке шыққан мен үшін ерекше рух берді. Ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін күрескен, бүгінгі Қазақстанның ұрпағы Тәуелсіздікті сақтап қалумен күресуіміз керек. Ол өнер, спорт, ғылым жолы болуы мүмкін. Әрбір қазақтың баласы ту көтерсем деп армандайтын болса, біздің еліміз жаман болмайды», – деді боксшы.

Ибрагим Ескендір дүйім жұртқа «Көк тудың желбірегені» әнімен танылған. Танымал әнші тек қана шығармашылықпен шектелмей, соңғы жылдары боксқа кәсіби түрде бет бұрды. Аталып өткен жекпе-жек әншінің алтыншы таласты тартысы. Айта кетерлігі, бұған дейін ол 5 жекпе-жекте де нокаут жасаған болатын.

Інжу Балтабекқызы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған