Димаш Құдайберген жыл әншісі атанды

      Пікір жоқ on Димаш Құдайберген жыл әншісі атанды

Әнші бұл жеңісін қазақ еліне арнап, отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Димаш Құдайберген Шанхайдағы The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестивалінде жыл әншісі атағына лайық деп танылды. Ол бұл жаңалығымен Инстаграмдағы жеке парақшасында бөлісті.

«Мереке қарсаңында, The Silk Road Cohesion Awards 2018 марапаттау салтанатында «Жыл әншісі» атандым және Ұлы Жібек жолы елдерінің шешімі бойынша «Жібек жолы мәдениетінің елшісі» болдым. Өте қуаныштымын. Менің әрбір жеңісім менің Отаным және тыңдармандарым үшін. Шанхай. Тағы да мерекелеріңізбен!» – деп жазды Димаш Құдайберген.

Інжу Балтабекқызы

Сурет – ашық дереккөзден

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған