GGG vs Canelo: Үшінші жекпе-жек қашан өтеді?

      Пікір жоқ on GGG vs Canelo: Үшінші жекпе-жек қашан өтеді?

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес мамыр айында рингке қайта оралуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Sports.kz порталы хабарлайды.

2019 жылы Альварестің екінші жекпе-жегі оның туған елінде өтуі мүмкін. Сондай-ақ, алдағы қыркүйек айында WBC пен WBA-ның орташа салмақтағы қазіргі чемпионы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізеді деген болжам бар. Айта кетерлігі, бұл кездесудің өтуін Саульмен келісімшарт жасаған DAZN стримингтік сервис басшылығы да қалап отыр.

16 желтоқсан Альварес британдық Рокки Филдингті нокаутпен жеңіп, қазіргі таңда оның еншісінде – бірінші орта, орта және екінші орта салмақтың чемпионы деген атағы бар.

«Golden Boy Promotions» Канелоның келесі жұдырықтасуы үшін 4 мамырға Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңын броньдап қойды. Алайда, 14 қыркүйекте оның кезекті жекпе-жегі Мехикода өтуі мүмкін. Golden Boy президенті Эрик Гомес 1993 жылы 130 мыңға жуық көрермен алдында Хулио Сезар Чавес Грег Хаугенмен төбелескен «Ацтек» стадионының өкілдері осы мүмкіндікті іске асыру үшін онымен байланысқа шыққанын айтты», – деп жазады ақпарат көзі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған