Бараев орталығы сынақ ретінде егілген бидайдан 46,5 центнер өнім алды

А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қатты бидай зертханасының қызметкерлері 2018 жылы «Дамсинская 2017» сортынан 46,5 центнер өнім алды.

А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қатты бидай зертханасының қызметкерлері 2018 жылы «Дамсинская 2017» сортынан 46,5 центнер өнім алды. Мұндай нәтижеге жету үшін орталық қызметкерлері бірнеше жыл жұмыс істеді.

Ғылыми орталықтағы зерттеу жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Бір айта кетерлігі, жаңа сорттың ерекшелігі – төзімділігі жоғары. Еліміздің солтүстік өңірлерінде өсіруге арналған бұл сорт ауа және топырақ құрғақшылығына төзімді. Минералды тыңайтқыштармен ылғалдандырған жағдайда мол өнім береді.

«Экологиялық жаздық далалық түрге жатады. «Дамсинская 2017» сорты шикі протеин мен ақуыздылығының тұрақты  құрамымен ерекшеленеді. Макарон түсі және жалпы бағалау бойынша стандартты көрсеткіштен асып түседі. Экогологиялық сортқа қатысты сынақ Солтүстік Қазақстан облысында да жүргізіліп, аталған сорт 46,3 центнер өнім берді» делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының Шортанды ауданында орналасқан А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында былтыр жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есе артып 25,5 центнерге жеткен болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған