Түркия қазақстандық студенттер үшін жыл сайын 200-ге жуық грант бөледі

Түркияда оқуға 2019-2020 оқу жылына өтініштер қабылдау уақыты басталды. Студенттер бакалавриат, магистратура және PhD докторантураны ағылшын тілінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады bolashak.gov.kz.

Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу тегін, тек жыл сайынғы студенттік төлемдері бар. Таңдалған факультеттер мен университеттерге байланысты төлем соммасы жылына 300-ден 800-ге дейін долларды құрайды.

Жыл сайын Түркия Үкіметі “Түркия стипендиясы/Turkey Scholarships” бағдарламасы бойынша түрік университеттерінде білім алуға Қазақстан азаматтарына 200-ге жуық грант бөледі.

Стипендия оқу ақысын, ай сайын берілетін стипендияны, медициналық сақтандыруды, екі бағытқа әуе жолы билеттері (эконом класс), тегін орналастыру, сондай-ақ академиялық/мәдени және басқа қосымша бағдарламаларды қамтиды.

Үміткерлерге қойылатын жалпы талаптар:

  1. Үміткерлер таңдаған университеттегі бағдарламадағы талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  2. Үміткерлердің жасы тапсыратын бағдарламаға байланысты сәйкес болуы қажет. Бакалавриат – 01.01.1999 кейін туылған, Магистратура – 01.01.1990 кейін туылған, Докторантураға – 01.01.1985 кейін туылған, ғылыми зерттеулерге үміткерлер 01.01.1975 кейін туылған болу қажет.
  3. Кандидаттардың қажетті білімі болу керек — магистратураға және докторантураға түсетін үміткерлер тиісті алдыңғы алынған мамандықтарына сәйкес таңдау жасаулары қажет.

Түркияда барлық жоғары оқу орындары барлық шетелдік студенттерге (Қазақстан студенттері Түркия университеттері үшін шетел студенттері) білім көрсеткіштеріне сәйкес 100% тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ-мен Түркия университеттері арасында жасалған келісім шарттар шеңберінде Қазақстан азаматтары үшін университеттер тарапынан қосымша гранттар беріледі.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған