Балаларға от шашу сатылмайды

      Пікір жоқ on Балаларға от шашу сатылмайды

Төтенше жағдай департаменті елорда тұрғындарын көшелер мен базарларда пиротехника өнімдерін сатып алмауға шақырады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жаңа жыл қарсанында дүкендер пиротехникалық заттарға толы болары анық. Оның себебі сұраныс бар. Үлкен-кішінің барлығы бір сәттік әсемдік үшін от шашуды жапатармағай сатып алумен әлек болады. Отандық және шетелдік фирмалар өндіретін пиротехникалық заттарды сатып алу да еш қиындық тудырмайды. Ал бірақ бұның қаншалықты қауіпті екеніне ешкім мән бермейді.

Осы ретте ТЖД қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді белгіленбеген жерден сатып алу және оларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай пайдалану көптеген өрт оқиғаларының орын алуына, адамдардың жарақат алуына, тіпті адам өліміне себеп болуы мүмкін екендігін айтады.

«Өрт қауіпсіздігі ережелеріне» сәйкес, пиротехникалық өнімдерді базарларда, сауда алаңдарында, көшелерде және осы мақсаттарда жарамсыз дүкендерде сатуға тыйым салынады. Пиротехниканы 18 жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ сертификаты мен егжей-тегжейлі нұсқаулығы жоқ өнімдерді сатуға және пайдалануға тыйым салынады», – деді Астана қаласы ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу басқармасының басшысы Орал Әбдрахманов.

Інжу Балтабекқызы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған