Қазақстан мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі міндеттемелерін толығымен орындайды

Қазақстан ОПЕК + келісімі шеңберіндегі өз міндеттемелерін толығымен орындайды.  Бұл туралы  ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында ОПЕК+ бесінші отырысы өтті.  Нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап алты айға ОПЕК + елдеріндегі мұнай өндіру көлемін шектеу бойынша шешім қабылданды.

Қазақстан өз кезегінде ең басынан аталған шешімге қосылуға дайын екендігін айтты. Сондай-ақ, мұнай өндіру көлемін 40 мың.барр/тәул. қысқарту бойынша міндеттемелерге қол жеткізу үшін барлық тиісті шараларды қолданатындығын жариялады.

2018 жылдың төртінші тоқсанында мұнайға әлемдік баға төмендеді. Бағаны белгілеуге геосаяси факторлардан басқа, жалпы алғанда мұнай және мұнай өнімдерін пайдалану белсенділігінің төмендеуіне әкелетін әлемдік экономикада артып келе жатқан белгісіздік әсер етеді.

Осыған байланысты әлемдік мұнай нарығындағы балансты сақтап тұру үшін ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін 1,2 млн.барр./тәул. азайту бойынша келісілген шешімге келді. (ОПЕК+елдері үшін 800 мың.барр/тәул., 400 мың.барр/тәул. ОПЕКке мүше емес елдер үшін).

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған