7-20-25: бір жұмыс күнінде 30 несие мақұлданған

Ағымдағы жылы “7-20-25” бағдарламасы бойынша банктер орта есеппен бір жұмыс күнінде 30 несиені мақұлдаған деп хабарлады “Баспана” Ипотекалық ұйымы” АҚ баспасөз қызметі. Бұл ақшаға шаққанда күніне 369 млн теңге несие алушыларға  берілген.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың нәтижесі бойынша 7-20-25 арқылы мақұлданған несие сомасы 45 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде (қазіргі көлем 44,2 млрд теңге).

Сондай-ақ, желтоқсан айында бағдарламаға Сбербанк қосылып, жыл соңында 7-20-25 аясында жұмыс істейтін банктер саны сегізге жеткен. Олар: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Халық Банк, Цеснабанк, Forte Bank, Еуразиялық Банк, Bank RBK және Сбербанк”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетерлігі, ең көп мақұлданған кредиттер Астана қаласында (18 млрд теңгеге 1224 өтінім), ең азы Түркістан облысына тиесілі (0 өтінім).

Бағдарлама аясында биылғы жылдың аяғына дейін қолданыста болған үйлер бойынша кемінде 2 млрд теңге ипотека беру жоспарланып отыр.

“Баспана Хит” бағдарламасында Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының белсенділігі ерекше. Мысалы, елордада 73 тұрғынға 950 млн теңге сомасында келісім берілсе, ал Шығыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 106 млн теңгеге 19 кредит мақұлданған. Тұтас алғанда, “Баспана Хит” бағдарламасы бойынша 1,8 млрд теңгеге 192 өтінім мақұлданды.

Інжу Балтабекқызы

Сурет: ашық дереккөзден

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған