Айыппұл құны 5% өсті

      Пікір жоқ on  Айыппұл құны 5% өсті

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 120 теңгеге өсті.  Яғни, қазір бұл көрсеткіш 2525 теңгені құрайды. Бұдан бөлек темір тұлпар иелері төлейтін түрлі төлемдердің сомасы да өсті.

Мысалы, осыған дейін жылдамдықты 10-нан 20 км\сағ асырған көлік жүргізушісі 5 АЕК айыппұл 12 025 теңгені құрайтын сома төлесе, 1 қаңтардан бастап ол 12 625 теңге төлейді.

Ал көлігін тротуарға, газонға, балалар мен спорттық алаңға қойған ереже бұзушы 24 050 теңгенің орнына 25 250 теңге төлейді (10 АЕК).

Айта кетерлігі, көлік жүргізу куәлігінен айыратын кейбір заң баптары айыппұлмен өзгертіледі деген жорамал бар. Әзірге әкімшілік кодекстегі түзетулер депутаттардың қарауында.

Жаңа жылдан бастап көлік салығы да өсті. Мәселен, жанармайды аз жұмсайтын көліктер алдағы уақытта 5050 теңге көлемінде салық төлейтін болады.

Інжу Балтабекқызы,

Сурет: ашық дереккөзден

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған