«Сыбаға» бағдарламасының талаптары өзгертілді

Аталған бағдарлама мал басын көбейту, малдың сапалық сипаттамаларының жақсарту мен қазақстандық ет экспортын арттыруды қарастырады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бұл бағдарлама аясында  шаруашылықтарды несиелендіреді. Несиелер импортталған ірі қараның аналық мал басын сатып алуға, ұсақ мүйізді мал мен негізгі құралдарды сатып алуға беріледі.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды алған шаруашылықтар сатып алынған активтерді – малды, техниканы, жабдықтарды – кепілдік ретінде қоя алады, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» басқарма төрағасының орынбасары Думан Оспанов.

Осы уақытқа деуін кепілдікке тек асыл тұқымды мал қабылданған болса, бүгінгі күні несиелеу ережелеріне өзгерістер енгізілді: кепілдіктің 50 % дейін тауарлы ірі қара мал алынады. Бұл өзгеріс қарыз алушылардың кепілдік жүктемесін төмендету үшін жасалынған.

Ағымдағы жылы жеңілдетілген несиелеудің артықшылықтарын алғашқы болып  Ақтөбе облысындағы «Қызылшоқы» шаруа қожалығы пайдаланған. Олар Пермь облысынан 75 герефорд сатып алды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында орналасқан «Салтанат» шаруа қожалығы бағдарлама бойынша 2010 жылы несие алған. Олар 7,5 млн теңгені жалға алып, оған елу бас қара мал сатып алған. Шаруа қожалығының басшылығы малдың сапасын жақсарту үшін екі асыл тұқымды бұқаны да арнайы алдыртқан. Оның жемісін бүгінде ферма көріп отыр, себебі 7 жылдың ішінде төлдің сапалық сипаттамалары айтарлықтай жақсарған.

Айта кетерлігі, бағдарлама аясында шетелден мал басын сатып алған шаруашылық әрбiр мал басы үшін 225 мың теңге субсидия алады. Мемлекет тарапынан қолдаудың тағы бір тетігі – бұқаларды бордақылау алаңдарына жеткізуге төленетін субсидия – тірі салмақың бір килограмына 200 теңгеден.

Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 14,4 млрд. теңгеге 643 өтінімді қаржыландырды. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде елімізге 22,2 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінеді және 72,5 мың ұсақ мүйізді мал басы сатып алынатын болады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін республика аумағына 10 мыңнан астам ірі қара мал жеткізіледі.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған