“7-20-25” бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 110 миллион доллар берілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің аясында  жүзеге асқан 7-20-25″ бағдарламасы бойынша  жарты жыл уақыт ішінде бес мыңнан астам өтініш қабылданған.

” Желтоқсан айындағы ахуал бойынша 62,1 миллиард теңге немесе 167,9 миллион доллар қарыз алу үшін 5 298 өтініш түсті. Олардың ішінде 40,7 миллиард теңгеге немесе 110 миллион долларға 3 391 өтініш қанағаттандырылды”, — деп хабарлайды Ұлттық банк.

Айта кетерлігі, бағдарлама операторы Ұлттық банктің еншілес компаниясы — “Баспана” ипотекалық ұйымы” АҚ әр он күн сайын аралық қорытынды шығарып отырады.

Бағдарлама аясында алғашқы жеті қарыз 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында берілді.

“7-20-25” бағдарламасының шарттары қандай?

Бағдарлама шарттары: сыйақы мөлшерлемесі — 7%, жарна — 20%, несиені өтеу мерзімі — 25 жыл.

Балтабекқызы Інжу

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған