
Біз «бақыт байлықта емес», «бақытты ақшаға сатып ала алмайсың» деген сөзді жиі естиміз. Алайда біраз ақшаның өзі сізді бақытты етуге қауқарлы болса ше?
Сосын бір адам өзімен теңдей дәрежеде жұмыс істейтін басқа әріптесінің әлдеқайда көп жалақы алатынын білсе, өзін бақытсыз сезінбей ме?«Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талдаңда». Расында, қалтада ақша болса, ол сізге аз болса да қуаныш сыйлайды. Керісінше, ақшасы жоқтың көңіл күйі де жоқ.
Өткен аптада LinkedIn іскерлік әлеуметтік желісінің бірқатар белсенділері бақытты болу үшін қанша қаражат керек және жалақы мөлшері неге құпия болмауы тиіс деген мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді.
Феликс Сэлмон, Fusion аға редакторы
«Өзінің жалақысы қанша екенін басқаларға жариялап, айтуды ұнататындар өте көп. Және олар негізінен расында да табысы жоғарылардың арасында» , – деп жазады Сэлмон «Жалақы көлемін неге құпия ұстамасқа» атты мақаласында. Бұндай мақаланы жазуға New York Times-тың бас редакторы қызметінен кеткен Джилл Абрамсонға қатысты әңгімелер түрткі болған. Ол жұмыстан кетер алдында өзіне дейінгі бұрынғы редактор мен өзінің алып жүрген жалақысының айырмашылығы туралы мәселе көтере бастағанға ұқсайды. – Компанияларды көп жалақы алатын адамдар басқаратыны белгілі, осының нәтижесінде еңбекақыға қатыстының бәріне бірдей «үндемеу» және құпияда ұстау мәдениеті қалыптасқан».
Сэлмонның сөзіне қарағанда, жалақы тақырыбындағы құпиялықтың тиегін ағыту үшін бірқатар кездейсоқ себептер жеткілікті. «Мұндай құпиялылық – бұл кез-келген ұйым үшін қауіпті», - дейді ол.
Біріншіден, жалақының көлемі туралы «үндемеу» принцпі еркектерге қарағанда әйелдер үшін өте қиын. Еркектер басқаларға білдірместен өзінің жалақысын көбейтуді сұрап, сосын ешкімге айтпастан өзі сұраған жалақысын алып жүре беретінін (әйелдер үшін бұл тым қиын) еске салсақ, осының өзі (ішінара болса да) еркектердің әйелдерге қарағанда көп табатынын түсінуге көмектесетін еді», - дейді Сэлмон.
Жалақы төңірегіндегі құпиялылық «пердесі» - басшылар үшін (кейде саналы түрде) қызметкерлер арасынан «сүйіктілерін» ерекше бағалаудың ең ыңғайлы тәсілі, деп санайды Fusion аға редакторы.
«Бәріміз жұмыс істейтін компанияда жалақыға қатысты көксегеніңе қол жеткізудің жалғыз ғана тәсілі бар, бұл - басшылыққа сізге басқа жұмыстан жақсы ұсыныс түскенін айту. Мен бұған сенімдімін, - дейді ол, - Сөзсіз бұл компанияны басқарудың жиіркенішті тәсілі. Өйткені, бұны білген басқа қызметкерлер де басқа компанияға кету үшін жұмыс іздей бастайды. Тіпті олар үшін қазіргі жұмыс орны ең дұрысы болып тұрса да олар соған барады».
«Егер сіз кімнің қанша алатыны бәріне жария етілген компанияда жұмыс істесеңіз, онда мәселенің басын ашу оп-оңай. Бәрі де көз алдыңызда. Сіз бұл компанияда кімнің «жұлдыз» екенін, қандай дағдылар мен таланттарды басшылық көтермелейтінін оңай түсінесіз, – деп жазады ол, – Сіз бұнда әйелдерге қарағанда ерлерге артық төлейтінін де, басшылықтың жалақысы біршама көп пе екенін, сосын тіпті басқа фирмаға кетемін деп қорыту арқылы жалақыңызды көтертуге мүмкіндік бар екенін де білетін боласыз.
Бұдан бөлек, басшы бәрібір білініп қалатындықтан ешкімге білдірмей келісім жасауға бара алмайды.
Брюс Казанофф, кәсіпкерлік туралы кітаптың маркетологы және екінші авторы
Бәлкім, бақытты ақшаға сатып алуға да болатын шығар. Немесе белгілі бір сомаға бақытты болуға болатын шығар. Дегенмен, дәл осындай ойға тоқтау үшін, Принстон университеті жүргізген сауалнама нәтижелеріне бір қарап шығу керек. Сауалнамаға 450 мың адам қатысқан.
Зерттеулер көрсеткеніндей, бақуаттылықты толық көлемде әрі әсерлі сезіну үшін орташа жылдық табыс 75 мың доллар шамасында болуы керек. Бұдан көп болса болмайды.
«Басқаша айтсақ, белгілі бір шек бар, ал одан асқаннан соң, ақшаның өзі бақыт әкелуге қауқарсыз бола бастайды, – дейді Казанофф LinkedIn-дегі пост түрінде жариялаған мақаласында.
Интуицияға беріле отырып, біз де солай болуы керек деп санаймыз. Расында да солай ғой. Мәселен, егер адам өзіне жайлы баспана сатып ала алмаса, отбасын асырауға қаражаты жетпесе, қосымша табыс дегеніңіз оның жағдайын айтарлықтай жақсартатыны анық. Алайда, адамдар өздерінде ақшаның көп болған кезеңін бақытты шақ деп санауы өте сирек кездеседі».
Брюс Казанофф болса мұнда зерттеушілер өмір сүру сапасын емес, байлықты сезіну деңгейіне мән бергенін атап өтеді.
«Байлықты сезінуді олар «бақыт» түсінігіне теңестірген. Бұл сезім күнделікті өмірде біз қабылдайтын эмоцияның барлығын қамтиды, олардың арасында қуаныш та, қайғы да, ашуланып, абыржу да, таңғалу да, жалғыздық пен құмарлық та бар», - деп жазады ол.
Сонда бұл ақша мен байлықтың ішіне бәрі кіреді деген сөз бе?
«Егер сіздің айлығыңыз екі есеге көбейіп, орташа есеппен жылына 150 мың долларға жетсе, онда сіздің өз өміріңіздің сапасын бағалауыңыз да артады. Алайда, жалақыны көбейту күнделікті өмірде қуаныш әкеле бермейді. Бұл тіпті жұмысты жайлы етіп, отбасы мен достарыңызды өзіңізге ешқандай да жақындата түспейді де», - дейді ол.


.jpg)