
92 жастағы Махатхир Мохамад әлемдегі ең қарт премьер-министр болды
Еuronews-тің хабарлауынша, Махатхир Мохамад басшылық еткен оппозиция Малайзия тәуелсіздігін алғалы бері алғаш рет парламент сайлауында жеңіске жетті. Оған ел парламентіндегі 222 депутаттың 176-сы дауыс берген.
Нәтиже жарияланғаннан кейін, жеңімпаздар елде 60 жыл бойы билік еткен «Ұлттық фронт» коалициясының ізіне түспеуге, сондай-ақ бұрынғы премьер Наджиб Разактан кек алмауға уәде етті.
Ал биліктен кетіп бара жатқан ендігі экс-премьер жалпы сайлаудың нәтижесін мойындады. «Мен халықтың таңдауын қабылдаймын. «Ұлттық фронт» парламенттік демократия қағидаларына шынайы берілген», - деді Наджиб Разак.
Айта кетерлігі, осыдан үш жыл бұрын ел премьері құрған «1MDB» мемлекеттік инвестициялық қорға байланысты жанжал туындаған болатын. Соның аясында бұқаралық ақпарат құралдарында 4,5 млрд доллардың мақсатсыз пайдаланылғаны туралы ақпарат жарияланып, осыдан кейін тергеу басталған еді.


.jpg)