
BBC Future колумнисі, психолог Том Стаффорд неге кейбір әндер біздің миымыздан кетпей қоятыны және одан қалай құтылу керектігі туралы айтады.
Кейбір әндер ешбір себепсіз біздің миымызда бірнеше күн, тіпті кейде бірнеше ай бойы кетпей тұрып алатыны бар. Біз олардан құтыла алмай қиналамыз. Ағылшын тілінде мұны "құлақ құрты" (earworm) деп те атайды.
Психолог үшін бұл жердегi ең қызықты феномен, біздің миымыздың белгілі бөлігін игере алмайтынымызда.
Әуен миымызға ешбір ескертусiз жүктеледі және бiз қанша тырыссақ та кетпей қояды. Бұл "паразиттер" миымыздың дыбысты қайталау бөлігінде өмір сүреді.
Барлық адамдардың миында әннен естеліктер сақталады, бірақ оның құрылымдары әртүрлі болады. Мұны Лондондағы Голдсмит университетінің зерттеушілері анықтады. Олар жүктелуге бейім бес мың әннің үлгісін жасады.
Шынында да мида сiңiп қалатындар қарапайым, сөздері қайталана беретін әндер екен. Ең қызығы, әртүрлі адамдардың құлағына әртүрлі әуендер жабысады.
Музыкалық iлгек
Нейролог Оливер Сакс "Музыкафилия" кiтабында адам миының осындай әндерге сезімтал және қауқарсыз екендігі туралы жазды. Қайталана беретін музыканың қайырмасы немесе есте тез сақталатын бөлігі миымызда қалып қояды.
Кейбіреулер сол әнді бастан аяқ айтып шығып құтылады екен, ал кейбір адамдарға бұл көмектеспейтiн көрінеді.
Жай затпен салыстырғанда музыкалық фрагменттiң тағы бір ерекшелігі – оның өзгермейтiнi. Мысалы, қақпаны әр жерден қараса немесе күндіз және түнде қараса, әртүрлі боп көрінеді. Ал сiз әнді плеерге немесе смартфонға жүктеп қанша рет тыңдасаңыз да оның әуені еш өзгермейдi.
Негiзi бір нәрсені есте сақтау үшін қайталай беру көп рөл атқарады. Мүмкін сондықтан да бір элементтi қайталап тыңдау миымызда терең із қалдырып, сол ізде "құлақ құрттары" пайда болады.
Бiр жағынан ондай әуендер жайдан жай қайталана бермейді, олардың өзіндік тартымдылығы, тыңдата беретін iлгегi болады. Сонысымен бiздi баурап алады.
Сол себепті олар басқа көп әндер сияқты бірден ұмтылып кетпей, миымызда сақталады.
Музыкалық автоматтың бүлігi
Кейде тіпті құлақ құртыңыздың оянуына бір әннің өзін тыңдамай-ақ біреу айтып жүргенiн естіп қалудың өзі жеткілікті.
Бұл жүктелуге бейім әуендерің жәй ғана аз мерзімге есте қалмай, біраз уақыт миға сiңiп қалатындығының дәлелі.
Және мұнымен бірге ғалымдар біздің уақытша жадымызда әуендi және бейнені біразға дейін ұмытпай ұстап тұратын компоненттердiң бар екендігін дәлелдеді. Біріншісi көрген нәрселерді есте сақтайтын "iшкi көз", екіншісі "iшкi құлақ", ол мысалы телефон нөмірлерін есте сақтауға көмектеседі.
Әуендер осы жадқа келiп түседі де, күндiк жоспар құрып немесе басқа да маңыздырақ нәрселерді ойлаудың орнына, iшкi құлағымыз әннің екі жолын қайталай береді.
Сөйтіп, миымыздың әдетте бiздiң ғана командаға бағынып үйреніп қалған бөлігі бүлік шығарады. Ол біз тапсырыс бермеген бір әуендi қайталай беретін бұзылған аппаратқа айналады.
Қазіргі заманғы психология мидың бүтін механизм еместiгiн мойындайды. Мұны кезінде Зигмунд Фрейд айтқан болатын. Оның бұл облыстағы тұжырымдарының көбі қате боп шыққанымен, осы жерде қателеспептi.
Бiздiң санамыз өз-өзiн танумен ғана шектелмейдi. Адамның санасы біз әлі де толық түсінiп бiтпеген, кейде бізге бағынбай да кететін, күрделі нәрсе.
Бiр жақсысы, психологтар санамызды бағындыруға болатынын көрсетiп жүр. "Ақ аюдың эффектiciн" еске алайық. Сiз аю туралы екі минут ойламай тұрыңыз немесе өзіңіз қинағыңыз келетін досыңызға ойламай тұруға тапсырма беріңіз.
Бiрақ керісінше ойламаймын деген нәрсені қайталап ойлай бересіз. Себебі, сол туралы ойлауды қойдым ба деп миыңыз тексеріп отырады, сондықтан ақ аю қайта-қайта есiңiзге түсе береді.
Getty Images фотосы
Ақ аю туралы мүлдем ұмыту үшін ойды басқа нәрсеге бөлу қажет.
Әуенді де осылай ұмытуға болады. Ән миыңыздан кетпей мазаңызды ала берсе, жай ғана құлақтан кетуге бұйрық беру аздық етеді, ол тіпті жағдайды ушықтырып та жіберуi мүмкін.
Одан да миды басқа нәрсеге бұрып жіберіп құтылған оңайырақ болады.
Сосын тез жатталып қалатын бір әнді айтып көру керек.
Мысалы, миыңыздағы ән Бритни Спирстiң Тохic әні болса, Кайли Миноугтың Can't Get You Out Of My Head әнiн айтып көріңіз.
«Менің тәжрибемде екі бірдей құлақ құрты бір жерде өмір сүре алмайды. Бірақ сiзде басқаша болуы да мүмкін» дейді мақала авторы.
