Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Лозаннада өткен ХОК Атқару комитеті мәжілісінің қорытындысы бойынша

 халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) жұмысын жоғары бағалады. Бұл туралы Championat.com.сайты хабарлады.

Халықаралық олимпиада комитеті Бразилияда өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындары барысында төрешілер тарапынан болуы мүмкін жемқорлықтың және жекпе-жек нәтижелерін бұрмалаудың фактілерін таппады.  «ХОК АИБА-ның түбегейлі реформалар жүргізу жөніндегі жұмыстарын қолдайды. АИБА жаңғыру жұмыстары бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, өзінің ерік-жігерінің мықтылығын танытты. АИБА бастағандай жан-жақты терең өзгерістер жасау үшін біршама уақыт керек екенін жақсы түсінеміз. Осы бағытта біз АИБА-ға мүмкіндік береміз және барынша қолдау көрсетеміз»,-деді Томас Бах.

Демек, отандасымыз В.Левит пен ресейлік А.Тищенко арасындағы бокс нәтижелері де сол күйі өзгеріссіз қалатын болды. Бұл жекпе-жекте айқын басымдық В.Левитте болған еді. Алайда төрешілер жеңісті Тищенкоға бергені сарапшылар тарапынан да наразылық тудырған болатын.

Пікір жазыңыз

Защитный код
жаңарту