Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс не үшін керек?

Ақпарат және коммуникациялар министрі қазақстандық БАҚ -тың не себепті мемақпараттық тапсырыссыз жұмыс істей алмайтынын түсіндірді, – деп хабарлайды Қазақпарат.

“Бұл күнде ерінбегеннің барлығы мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жамандауға жандары құмар. Бұл тапсырыстың еш керегі жоқ дегендер жетерлік. Бірақ мен бар жауапкершілікті мойныма ала отырып, бас тартуға болмайтынын мәлімдеймін. Мемлекеттік субсидиялаудан бас тарту – дамып келе жатқан  қазақ медиа кеңістігінің түбіне жетумен бірдей”, – деді министр.

Біріншіден, ақпараттық тапсырыс аясында, отандық продакшн өнімдерін  қаржыландыратын жаңа жобалар көптеп жарық көреді. Бұл нарықтағы бәсекеге қабілеттілігімізді нығайта түседі.

Екіншіден, мемлекеттік субсидиялаудың арқасында шетелдік контенттерге деген тәуелділік азаяды.

“Мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа қарсы көпшіліктің барын білемін, алайда бұл шетелдік контенттің көбеюуіне мүмкіндік берді. Қазіргі таңда шетелдік өнімге деген сұраныс азайып, оның орны отандық сериалдар, телешоулар, деректі фильмдермен толығуда”, – деді Дәурен Абаев.

Үшіншіден, мемлекеттік тапсырыс арқылы жекеменшік телеарналарда қазақ тілді бағдарламалар санын ұлғайтуды көздеп отырмыз,- деп сүйіншіледі министр.

Төртіншіден, мемлекеттік қаржыландыру коммерциялық БАҚ үшін пайдалы емес тауарларды дамытуға мүмкіндік береді.

“Мұның жарқын мысалы ретінде өзінің қалыптасқан аудиториясы бар  Balapan, Kazsport, “Ел арна” телеарналарын айтуға болады. Өз пайымдарыңызға салыңыздаршы, жеке бизнес үшін қайтарымы аз  Balapan сияқты жаңа жобалар жасауға көп  ақша құйған тиімді ме?!”

Бесіншіден, мемлекеттік ақпаратттық тапсырыс БАҚ инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Осылайша, ҚР Ақпарат және Коммуникация Министрі мемақпарттықтапсырыстың маңызды бес себебін жіпке тізгендей атап берді.

«Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында азаматтарға тегін цифрлық ақпараттар мен ашық каналдарды дамытуға бағытталған мақсатты қаражат қарастырылған. Қазіргі таңда  қазақстандықтардың 100% -ы “Отау-ТВ” спутнигінен сигнал қабылдау мен каналдарды тегін көре алу мүмкіндігіне ие”, – деп қорытындылады сөзін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған